Лазер Нысандық Тақтасын Пайдалану; Штативпен Жұмыс Істеу (Керек-Жарақ); Лазер Көру Көзілдірігі (Керек-Жарақ); Қабырға Бекіткішімен Және Туралау Блогымен Жұмыс Істеу (D Суретін Қараңыз) - Bosch Professional GRL 600 CHV Original Instructions Manual

Rotary laser with a remote control
Table of Contents
Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 31
Өлшеу құралы радио ұяшығымен жабдықталған.
u
Жергілікті пайдалану шектеулерін, мысалы,
ұшақтарда немесе емханаларда ескеріңіз.
Лазер нысандық тақтасын пайдалану
Лазер нысандық тақтасы (53) қолайсыз жағдайда және
ұзақ қашықтықтарда лазер сызығының көрінісін
жақсартады.
Лазер нысандық тақтасының қайтаратын жартысы (53)
лазер сызығының көрінуін жақсартып, мөлдір жартысы
арқылы лазер сызығы лазер нысандық тақтасының
артынан да көрінеді.
Штативпен жұмыс істеу (керек-жарақ)
Штатив тұрақты және биіктігі реттелетін өлшеу табаны
болады. Көлденең жұмыс режимі үшін өлшеу құралын
5/8 дюймдік штатив бекіткішімен (18) штативтің (44)
ирек оймасына орнатыңыз. Өлшеу құралын штативтегі
бекіткіш бұрандамен бекітіңіз.
Тік жұмыс режимі үшін 5/8 дюймдік штатив бекіткішін
(20) пайдаланыңыз.
Шығысында өлшем шкаласы бар штативте биіктік
өзгерісін тікелей реттеуге болады.
Өлшеу құралын қосудан алдын штативті бағыттаңыз.
Лазер көру көзілдірігі (керек-жарақ)
Лазер көру көзілдірігі қоршау жарықтығын сүзгілейді.
Осылай лазер жарығы көз үшін жарқынрақ болады.
Лазер көру көзілдірігін қорғаныш көзілдірігі
u
ретінде пайдаланбаңыз. Лазер көру көзілдірігі лазер
сәулесін жақсырақ көру үшін қызмет жасайды, бірақ
ол лазер сәулесінен қорғамайды.
Лазер көру көзілдірігін күн көзілдірігі ретінде
u
немесе жол қозғалысында пайдаланбаңыз. Лазер
көрі көзілдірігі ультрафиолет сәулелерінен толық
қорғамай рең көру қабилетін азайтады.
Қабырға бекіткішімен және туралау блогымен жұмыс
істеу (D суретін қараңыз)
Өлшеу құралын қабырға бекіткішінің және туралау
блогының (45) көмегімен қабырғаға бекітуге болады.
Қабырға бекіткішін, мысалы, штативтің шығыс биіктігінен
жоғары жұмыс істегенде немесе тұрақсыз бетте және
штативсіз жұмыс істегенде пайдаланған жөн.
Қабырға бекіткішін (45) бұрандалардың көмегімен
бекіткіш саңылаулар (47) арқылы қабырғаға немесе
бекіткіш бұранданың (46) көмегімен рейкаға бұрап
бекітіңіз. Қабырға бекіткішін қабырғаға мүмкіндігінше
тігінен монтаждап, тұрақты бекітілгеніне көз жеткізіңіз.
Қолдану жағдайына қарай қабырға бекіткішінің 5/8
дюймдік бұрандасын (50) өлшеу құралындағы көлденең
штатив бекіткішіне (18) немесе тік штатив бекіткішіне
(20) бұрап бекітіңіз.
Туралау блогының көмегімен өлшеу құралын биіктігі
бойынша шамамен 13 см диапазонда жылжытуға
болады. Батырманы (48) басып, туралау блогын қажетті
биіктікке шамамен жылжытыңыз. Дәл реттегіш
бұранданың (49) көмегімен лазер сәулесін тура
анықтамалық биіктікке дейін туралауға болады.
Bosch Power Tools
Өлшегіш рейкамен (керек-жарақ) жұмыс істеу (E
суретін қараңыз)
Тегістіктерді тексеру немесе құлама жерлерді белгілеу
үшін лазер қабылдағышымен бірге өлшегіш рейканы
(43) пайдалануға кеңес беріледі.
Өлшегіш рейканың (43) үстінде салыстырмалы өлшем
шкаласы белгіленген. Оның нөлдік биіктігін шығыстың
астыңғы жағында таңдауға болады. Осылайша мақсатты
биіктік ауытқуларын тікелей көруге болады.
Пайдалану мысалдары
Биіктік мәндерін көшіру/тексеру (F суретін қараңыз)
Өлшеу құралын көлденең күйде берік бетке қойыңыз
немесе штативке (44) (керек-жарақ) монтаждаңыз.
Штативпен жұмыс істеу: лазер сәулесін қажетті биіктікке
дейін туралаңыз. Мақсатты жердегі биіктік мәнін
көшіріңіз немесе тексеріңіз.
Штативсіз жұмыс істеу: лазер сәулесі мен анықтамалық
нүкте биіктігінің айырмашылығын лазер нысандық
тақтасының (53) көмегімен анықтаңыз. Мақсатты жердегі
өлшенген биіктік айырмашылығын көшіріңіз немесе
тексеріңіз.
Жоғары қаратылған перпендикуляр табанын
параллель етіп туралау / тік бұрышты белгілеу (G
суретін қараңыз)
Тік бұрышты белгілеу немесе аралық қабырғаларды
туралау қажет болса, жоғары қаратылған перпендикуляр
табанын (10) параллель етіп, яғни негізгі сызықтан
(мысалы, қабырғадан) бірдей арақашықтықта туралаңыз.
Ол үшін өлшеу құралын тік күйге орнатып, оны жоғары
қаратылған перпендикуляр табаны негізгі сызыққа
параллель болатындай етіп орналастырыңыз.
Дәл орналастыру үшін жоғары қаратылған
перпендикуляр табаны мен негізгі сызық аралығын
тікелей өлшеу құралында лазер нысандық тақтасының
(53) көмегімен өлшеңіз. Жоғары қаратылған
перпендикуляр табаны мен негізгі сызық аралығын
өлшеу құралынан мүмкіндігінше алшақ тұрып өлшеңіз.
Жоғары қаратылған перпендикуляр табанын негізгі
сызыққа дейінгі қашықтығы тікелей өлшеу құралында
өлшегендей болатындай етіп туралаңыз.
Жоғары қаратылған перпендикуляр табанына (10) тік
бұрыш айнымалы лазер сәулесімен (8) көрсетіледі.
Перпендикуляр/тік жазықтықты көрсету (G суретін
қараңыз)
Перпендикуляр немесе тік жазықтықты көрсету үшін
өлшеу құралын тік күйде орнатыңыз. Тік жазықтық негізгі
сызыққа (мысалы, қабырғаға) тік бұрышта өтуі қажет
болса, жоғары қаратылған перпендикуляр табанын (10)
осы негізгі сызықпен туралаңыз.
Перпендикуляр айнымалы сәулемен (8) көрсетіледі.
Перпендикуляр/тік жазықтықты туралау (H суретін
қараңыз)
Тік лазер сызығын немесе айналу жазықтығын
қабырғадағы анықтамалық нүктемен туралау үшін өлшеу
Қазақ | 451
1 609 92A 55C | (05.11.2019)
Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Professional rc6

Table of Contents