Bosch Professional GSB 20-2 Original Instructions Manual page 128

Heavy duty
Hide thumbs Also See for Professional GSB 20-2:
Table of Contents
Available languages
  • EN

Available languages

  • ENGLISH, page 11
128 | Қазақ
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және
металлдар бар кейбір материалдардың шаңы
денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және
шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы
адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе
тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін.
Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат
ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен
(хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып
есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандармен
өңделуі керек.
– Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану
ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын
ұйғарымдарды пайдаланыңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналмауын
u
қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Пайдалану
Пайдалануға ендіру
Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты
u
электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы
мәліметтеріне сай болуы қажет. 230 В белгісімен
белгіленген электр құралдармен 220 В жұмыс
істеуге болады.
Айналу бағытын реттеу (G суретін қараңыз)
Айналу бағытының ауыстырып-қосқышын (3) тек
u
электр құралы тоқтаған соң іске қосыңыз.
Айналу бағытының ауыстырып-қосқышы (3) көмегімен
айналу бағытын өлшеуге болады. Бірақ қосқышты/
өшіргішті (6) басқанда бұл мүмкін емес.
Оңға айналу: бұрғылау және бұрандаларды бұрап кіргізу
үшін айналу бағытының ауыстырып-қосқышын (3) сол
жақта төмен жылжытып, оң жақта жоғары қарай бір
уақытта жылжытыңыз.
Солға айналу: бұрандалар мен гайкаларды босату
немесе бұрап шығару үшін айналу бағытының
ауыстырып-қосқышын (3) сол жақта жоғары қарай
жылжытып, оң жақта төмен қарай бір уақытта
жылжытыңыз.
Жұмыс режимін реттеу
Бұрғылау және бұрау
Ауыстырып-қосқышты (2) "Бұрғылау"
белгісіне жылжытыңыз.
Соққымен бұрғылау
Ауыстырып-қосқышты (2) "Соққымен
бұрғылау" белгісіне жылжытыңыз.
Ауыстырып-қосқыш (2) тіреліп, қозғалтқыш
жұмыс істеп тұрғанда да қолданылуы мүмкін.
1 609 92A 55U | (18.11.2019)
Берілістің механикалық таңдалуы
Беріліс ауыстырып-қосқышын (7) электр құрал
u
баяу істеп тұрғанда пайдалануға болады. Алайда
мұны жұмыссыз күйде, толық жүктеме немесе
максималды айналымдар санында орындау
мүмкін емес.
Беріліс ауыстырып-қосқышы (7) арқылы 2 айналу
жиілігінің диапазонын таңдауға болады.
I беріліс:
Төмен айналымдар саны; үлкен бұрғылау
диаметрімен бұрау немесе жұмыс істеу
үшін.
II беріліс:
Жоғары айналымдар саны; кіші бұрғылау
диаметрімен жұмыс істеу үшін.
Беріліс ауыстырып-қосқышы (7) тірелгенше бұралмаса,
редуктор шпинделін бұрғымен айналдырыңыз.
Қосу/өшіру
Электр құралды қосу үшін қосқышты/өшіргішті (6) басып
тұрыңыз.
Басылған ажыратқышты (6) бекіту үшін бекіту түймесін
(4) басыңыз.
Электр құралын өшіру үшін, ажыратқышты (6) жіберіңіз
немесе бекіту түймесімен (4) құлыптанған болса,
ажыратқышты (6) қысқа уақыт басып жіберіңіз.
Жылдам өшіру (Kickback Control)
Жылдам өшіру (KickBack Control) электр
құралын жақсырақ бақылауға
көмектеседі және осылайша KickBack
Control құралынсыз электр
құралдарымен салыстырғанда пайдаланушы
қорғанысын да күшейтеді. Кездейсоқ және
күтілмеген ретте электр құралы бұрғы айналасында
айналса электр құралы өшеді.
Жылдам өшіру электр құралында жарық диод
жыпылықтауы арқылы көрсетіледі.
Қайта іске қосу үшін ажыратқышты жіберіп, қайта
басыңыз.
Егер Kickback Control функциясы ақаулы болса,
u
электр құралы бұдан былай қосылмайды. Электр
құралыңызды тек қана білікті маманға және
түпнұсқа қосалқы бөлшектермен жөндетіңіз.
Қорғауыш жалғастырғыш
Жоғары реакциялық моменттерді шектеу
үшін электр құрал артық жүктеме
ажыратқышымен (анти-ротациялық)
жабдықталған.
Алмалы-салмалы аспап қысылса немесе ілінсе
u
бұрғылау шпинделіне беріліс тоқтатылады.
Осында пайда болатын күш себебінен электр
құралын екі қолмен қатты ұстап бекем қалыпта
тұрыңыз.
Егер электр құралы тіреліп қалса, электр құралын
u
өшіріп алмалы-салмалы аспапты босатыңыз.
Bosch Power Tools

Hide quick links:

Table of Contents
loading

This manual is also suitable for:

Gsb 20-2 professional

Table of Contents